Грекияда орман өртін сөндіру кезінде екі тікұшақ соқтығысты

Фото: Видеодан скрин жасалды

Қайғылы оқиға Афинаның батысындағы Псата елді мекені маңында болды. Жалға алынған тікұшақтар отқа оранған орманға әуеден су төгу жұмыстарын жүргізген. Сол сәтте тікұшақтардың бірі алда ұшып бара жатқан әуе кемесіне тиіп, өртеніп, жерге құлаған.

Бірінші тікұшақ экипажының екі мүшесі – Дания азаматы мен Грекия азаматы оқиға орнында қаза тапты.

Екінші тікұшақтағы Ұлыбритания азаматы ұшқыш пен Грекиялық үйлестіруші аман қалып, жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Грекиядағы өрт жағдайы:

Әуе техникасының соқтығысуы елдегі өрт қаупінің күрт ушығуы кезінде болды. Порто-Гермено мен Псата ауданындағы өрт ошағын метеорологтар «мегаөрт» деп бағалап отыр. Жалын 100-ден астам тұрғын үйді жойып жіберді. Осы аптада қаза тапқандардың жалпы саны 5 адамға жетті.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар