
Туыстарының айтуынша, 2004 және 2006 жылытуған екі қыз Шарджа қаласында жұмыс істеген. Олар тамыздың соңы – қыркүйектің басында Қазақстанға оралуы керек болған. Алайда шамамен бір апта бұрын қыздар жақындарымен байланысын үзген.
«Біз оларды жан-жақтан іздедік. Мүмкін, миграциялық полицияда шығар деп ойладық. Бірақ кеше бізге екі адамның денесі табылғанын және олардың біздің сіңлілеріміз екені хабарланды. Оларды өлтірген, денелерінде пышақ жарақаттары бар. Сондай-ақ күдікті ұсталғанын, оның да Қазақстаннан екенін айтты», – деді марқұмдардың туыстары.
Дереккөз: @baq_kz


