«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев партияның аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының мәжілісіне қатысып, партия айқындаған міндеттер шеңберінде аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдады. Алқалы жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, өңір депутаттары, Бюро мүшелері мен партияның жауапты қызметкерлері қатысты. Бюро мәжілісінде халық қалаулылары тарапынан атқарылған жұмыстар баяндалып, тіпті, бір депутатқа сөгіс жарияланды.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрдәулет Жолбарыс