Ошақтыда жаңа мектеп құрылысына жер бөлінді. Ал Бірлік ауылдық округінде қоғамдық демалыс орындары салынады. Қос ауылдың әкімдері Мақсат Мырзамұратов пен Әбдіжәміл Серікбаев биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Кездесуде ауыз су, жайылым жер, мектеп тапшылығы мәселелері көтерілді.
Айгерім Айтбаева, Ережеп Тұрғынбайұлы