
Біріккен Араб Әмірліктерінің Умм-әл-Қайуайн әмірлігінде танкерден мұнай төгілуіне байланысты жағажайлар мен жағалау аймақтары уақытша жабылды. Мұнайдан шыққан жағымсыз иіс көршілес Шарджа мен Аджман қалаларында да сезілген. Алайда билік өкілдері иістің тұрғындар денсаулығына қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.
Қазір мамандар жағалау суларын тексеріп, мұнай төгіндісін тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғындарға ластанған аумақтарда балық ауламау ескертілді. Алдын ала ақпарат бойынша, мұнай танкеріне дрон шабуыл жасаған болуы мүмкін. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.
Мұнай төгіндісінің нақты көлемі мен қоршаған ортаға келтірілген залал әзірге белгісіз.
Дереккөз: @baq_kz


