Дарбаза ауылдық округінде ел игілігіне бағытталған жұмыстар жалғасын табуда. Соның бірі – балаларға арналған ойын алаңшаларының салынуы. Ауыл ажарын айшықтап, бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін нысан. Бүгінде ойын алаңшаларында асыр салып ойнаған балалардың шат күлкісі естіледі.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Марат Жолдас




