АҚШ Иранға көмектескен Ресей мен Қытай компанияларына санкция енгізді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ Иранға қару-жарақ пен оның бөлшектерін алуға көмектесті деген 13 жеке тұлға мен компанияға, оның ішінде Ресей, Қытай, Гонконг және Пәкістан өкілдеріне санкция салды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Санкцияға іліккен ресейлік компаниялардың қатарында Каспий теңізінде тасымалдау қызметімен айналысатын «МГ-Флот» кәсіпорны бар. Сонымен қатар ұшақтар, тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлейтін А.С.Яковлев атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюро да тізімде жүр. АҚШ Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік департаменті мәлімдегендей, санкциялардың негізгі мақсаты – Иран режимін экономикалық тұрғыдан оқшаулау және оны АҚШ пен Израильге қарсы соғысты тоқтату жөнінде келіссөз жүргізуге мәжбүрлеу.

Тамыз айында Еуропадағы үкіметтік құжатқа сілтеме жасаған NBC News сайты Ресейдің Иранға Каспий теңізі арқылы дрондарға қажетті бөлшектер, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар жеткізіп отырғанын жазды.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар