1 қазан — Халықаралық қарттар күні аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, ізгі тілек білдіретін ерекше мереке. Мерекеге орай, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында зейнеттегі медицина қызметкерлерінің құрметіне арнайы басқосу өтті. Жиын барысында ардагерлерге ізет көрсетіліп, олардың денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі атап өтілді. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жолдас





