Ақжар ауылында биыл ахысқа түріктерінің қазақ еліне қоныс аударғанына 82 жыл толуына орай шара өтті. Жиынның мақсаты – өткен тарихты еске алып, ата-баба рухына құран бағыштау. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары және түрік этносының өкілдері мен ел ағалары, бірнеше ауылға қарасты тұрғындар қатысып, өткен күнге тағзым етті.
Авторлар: Замира Құралбайқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы





