
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Қытайға жұмыс сапары аясында жергілікті әуе компаниясының басшылығымен кездесті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы Астана – Шанхай бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі болды.
Қытайлық әуе компаниясының өкілдері аталған бағытқа жоғары коммерциялық қызығушылық танытып отырғанын растап, қажетті дайындық жұмыстарын аяқтағаннан кейін биылғы күзден бастап рейстерді іске қосуға дайын екендерін мәлімдеді.
Бастапқы кезеңде рейстер аптасына 3 рет орындалып, кейіннен олардың жиілігін күнделікті рейске дейін арттыру жоспарланып отыр.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


