
Астана әуежайында кеден қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелудің 10 фактісін анықтады. Нәтижесінде 223 iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods тәркіленді.
Жолаушылар тауарларды «жасыл дәліз» арқылы декларациясыз алып өтпек болған. Бір жолаушының багажынан бірден 50 смартфон табылды. Тексеру барысында төрт адамның жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені, тағы төрт адамның кәсіпкерлік мәртебесінсіз тауар әкелгені белгілі болды.
Ереже бойынша жеке тұлға екі смартфоннан артық алып өтсе, тауар кедендік декларациялауға жатады. Тәркіленген құрылғылар уақытша сақтау қоймасына орналастырылып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданып жатыр.
Дереккөз: @baq_kz


