Келес ауданындағы Бірлік ауылында газдандыру жұмыстары жүргізіліп, газ жүйесі тартылды. Қазіргі таңда қажетті құжаттар толық дайындалған. Алдағы 5 жұмыс күні ішінде техникалық шарттар беріледі деп жоспарлануда. «ҚазТрансГаз» тарапынан рұқсат берілген жағдайда, тұрғын үйлерге газ қосу жұмыстары басталады. Ал Жаңатіршілік ауылын газдандыру жұмыстары келесі жылдың алғашқы алты айында аяқталады деп күтілуде. Осы және өзге де ақпараттарды сала мамандары тілге тиек етті.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





