TikTok, Instagram, YouTube: Балаларға зиянды ақпараттардың 592 фактісі анықталды

Фото: ЖИ

Биыл 10 айда интернет кеңістігінде балағат сөздер мен балаларға зиянды ақпараттардың 592 фактісі анықталды. Бұл туралы Құрылтай депутаттарының сауалына Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақовтың жауабында айтылған. 

Оның атап өтуінше, министрлік заңнама талаптарын бұзатын контентті анықтау және жою мәселелері бойынша онлайн-платформалармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды. Осы жұмыс аясында кәмелетке толмағандарға қолжетімді контентке, оның ішінде бейәдеп сөздер, қорлау, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту, арандатушылық және өзге де деструктивті мінез-құлық қамтылған тікелей эфирлерге ерекше назар аударылады.

— 2026 жылғы 1 қаңтардан 22 қыркүйекке дейінгі кезеңде министрлік тарапынан интернет кеңістігіндегі деструктивті материалдардың, оның ішінде тікелей эфир барысында балағат сөздер мен балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастырудың 592 бұзушылық фактісі анықталды, — деді Қанат Ысқақов.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар