
Израильдік БАҚ мәліметінше, БАӘ-ден Израильге бағыт алған Flydubai әуе компаниясының ұшағы әуе кемесін басып алу туралы сигнал беріп, кейін радардан жоғалып кеткен.
Кейін ұшақ Сауд Арабиясына қонды.
Мәліметке сәйкес, дабыл сигналының берілуіне ұшақ бортындағы төбелес себеп болуы мүмкін. Ұшақ қонар кезде экипаж алдымен жалпы төтенше жағдайды білдіретін 7700 кодын, кейін заңсыз араласу немесе ұшақты басып алу қаупін білдіретін 7500 кодын жіберген.
Осыдан кейін лайнер қолмен басқару режиміне ауысып, бағытын өзгертіп, Сауд Арабиясына қарай бет алған. Біраз уақыттан соң ұшақпен байланыс үзілген. Оған Бен-Гурион әуежайына қонуға рұқсат берілмеген.
Ұшқыштар біраз уақыт Израиль мен Иорданиядағы диспетчерлермен байланысқа шықпаған. Ұшақ бортында 180 жолаушы болған, олардың шамамен 100-і – Израиль азаматтары.
Дереккөз: t.me/stankznews


