FlyArystan әуе компаниясы Ақтау–Дубай–Ақтау бағытындағы рейстерді 15 қыркүйекке дейін тоқтатты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Әуе тасымалдаушысы бұл шешімді Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуымен түсіндірді. Бұған дейін Ақтау мен Дубай арасындағы рейстерді 29 тамызға дейін орындамау жоспарланған болатын. Енді шектеу мерзімі тағы екі аптадан астам уақытқа ұзартылды.  

Жолаушылар не істей алады?

Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің құнын айыппұлсыз толық көлемде билетті сатып алған орны бойынша қайтару қолжетімді. Әуе компаниясы рейстердің қайта орындалу мерзімін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты өзгертуі мүмкін.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар