Мемлекет басшысы: «Аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс.

«Біз жергілікті биліктің әлеуетін және аймақтардың қаржылық дербестігін біртіндеп күшейтіп жатырмыз. Былтыр ауылдық округтердің бюджеті 442 миллиард теңгеден асты. Бұл қаражаттың үштен бірі – елді мекендердің өз табысы. Оның үстіне, еліміздегі ауылдық округтердің орташа бюджеті 190 миллион теңгеге жетті. Бұл – едәуір жақсы көрсеткіш.

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады.

ТҮРКІСТАН: СУ НЫСАНДАРЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Тұран су» мекемесінің жұмыс жоспары бойынша лездемелік мәжіліс өткізді. Бүгінгі таңда стратегиялық маңызы бар 20 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистралды, 107 ішкі шаруашылықаралық канал, 3 өндірістік база және 81 арнайы техника кәсіпорын теңгерімінде.

Америкалықтар асырап алған қазақстандық жігіт биологиялық ата-анасын іздеп жүр

Николас Пикколо 1998 жылы 26 қарашада Қарағандыда дүниеге келген. Негізі Руслан Умурзаков деген есім берген. Ол «Малютка» балалар үйінде тәрбиеленген. Бұл мекеме «Шапағат» деп те аталған болуы мүмкін, бірақ нақты ақпарат жоқ.