ҚОҢЫРТӨБЕЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалицияның Келес аудандық топ мүшелері Қоңыртөбе елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Білім ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Жиын барысында депутаттар Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын кеңінен таныстырып, референдумның халық үшін маңызын түсіндірді.

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ

Жаңа «Ата заңның» жобасымен таныстыру аясында түсіндіру жұмыстары Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Дихан Баба елді мекенінде өтті. Жиын барысында еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру сынды өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, коалиция мүшелері тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары міндетті түрде назарға алынатынын айтып, әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтті.

КОАЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Құрама елді мекенінде жаңа Конституция жобасына байланысты түсіндірме жұмыстары өткізілді. Жиынға коалиция мүшелері қатысып, құқықтық нормалар толығырақ талқыланды. Кезекті өткен жиын барысында тағы қандай мәселелер көтерілді толығырақ бейнематериалда

АҚТӨБЕДЕ САЯСИ НАУҚАН ҚАРҚЫНДЫ

15 наурызда өтетін республикалық референдумда Ақтөбе ауылдық округінде 13 мыңға жуық тұрғын өз таңдауын жасайды. Маңызды саяси науқан қарсаңында округте түсіндіру жұмыстары күшейіп, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды.Кезекті жиынның бірі №39 Л. Жолдасов атындағы мектепте өтіп, ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне референдумның маңызы мен дауыс беру тәртібі түсіндірілді. Жалпы округтегі науқанға дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде? Тілші жалғайды.

ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Сарыағаш ауданында қорғаныс саласына қатысты маңызды жиын өтті. Сарыағаш ауданы аумағындағы Түркістан облысы, Келес ауданы мен Сарыағаш ауданы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімде 25 ауылдық округтің әскери есеп мамандары бас қосты. Жиын барысында 2025 жылы әскери бөлімдерге жіберілген әскерге шақырылушыларды жөнелту жұмыстарының қорытындысы талқыланып, атқарылған жұмыстар сараланды. Сонымен қатар әскерге шақыру науқанының барысы, ұйымдастыру деңгейі және алдағы кезеңдегі міндеттер кеңінен сөз болды.

Президент: «Барлық деңгейдегі билік өкілдері халықпен ашық әрі түсінікті әңгіме, сұхбат орната білуі керек.

Шағымданатын азаматтардың арасында түрлі адам болады, бұл – белгілі нәрсе. Десек те, шын мәнінде, мұқтаж адамдар аз емес, оларға қолғабыс етуіміз керек.

Бүгінде орталыққа аймақтардан жолданатын арыз-шағымдар көбейіп кетті. Бұл мәселе туралы мен Жолдауымда айтып өттім. Былтыр Президент Әкімшілігіне шамамен 83 мың өтініш келіп түскен. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп.

Шағымдардың басым бөлігін жергілікті деңгейде қарап, дер кезінде шешуге болатын еді. Ешкім де мүлде мүмкін емес мәселені айтпайтыны белгілі.

Ашығын айтқанда, жұрт өңірдегі биліктен ең қарапайым деген мәселелерге қатысты түсініктеме ала алмайды. Содан соң азаматтар елордаға хат жолдап, тікелей Президентке жүгініп жатады. Шын мәнісінде, олардың арасында үнемі арыз жазатын «кәсіби» шағымданушылар бар, бірақ көбі өз мұң-мұқтажын айтып, Ақордаға шағымдануға мәжбүр.

Мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс. Олар тұрғындардың мәселесін шешуге көмектесуі керек. Осы маңызды жұмысқа олардың құзыреті толық жетеді.

Былтыр облыстық деңгейде атқарушы органдарға 6 мыңға жуық депутаттық сауал жолданды. Бірақ оның саны емес, сапасы маңыздырақ, яғни, мәслихаттар осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға тиіс.

Түптеп келгенде, аймақтардың дамуы, тұрмыс сапасының жақсаруы, жұрттың билікке зор сеніммен қарауы Сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты. Осыны әрдайым басты назарда ұстаған жөн».