Ұрыға дес бермеген әже

Павлодар қаласында ер адам әженің азық-түлік салынған пакеті мен әмиянын тартып алмақ болған. Бірақ әже мықты болып шықты. Қайсарлық танытып, пакетіне жармасып, ұрыға бермей алып қалды.

Мемлекет басшысына республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның өтуіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттарын жолдады.

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМ ПАРЫЗЫ

Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мамандары жалғыз басты қарттарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Игі бастама аясында орталық қызметкерлері қариялардың үйлеріне барып, тұрмыстық қажеттіліктеріне жәрдемдесті. Шараның басты мақсаты – жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың тұрмыс жағдайына көңіл бөліп, қоғамның қамқорлығын сезіндіру.

Мексика 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында әлемдегі ең үлкен футбол сабағы бойынша Гиннес рекордын орнатты

Мексикада жексенбі күні әлемдегі ең үлкен футбол сабағын өткізіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл шара елдің алдағы уақытта үшінші рет қабылдайтын 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алдында ұйымдастырылды.

Тарихи нәтиже!

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

«Қазмедиа орталығының» студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады.

– Бүгін – Қазақстан үшін тарихи күн! Еліміздің азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысты. Отанымыздың болашағын ойлап дауыс берді. Бұл – өте жақсы оқиға. Қазір ғана экзит-поллдың нәтижелері шықты. Соған сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бүгін жұртымыз дауыс беріп, Қазақстанның тарихын, тағдырын айқындады. Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ. Өйткені бұл – азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні, яғни, еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді. Бұл – біздің бәрімізге ортақ жетістік. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! – деді Мемлекет басшысы.