Шалғайдағы елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, ауыз су, газ, жол және әлеуметтік нысандар мәселесін шешу — бүгінгі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Осы бағытта Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінде жыл басынан бері елді мекендерді газбен қамту, ішкі жолдарды жөндеу және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында жұмыстар жалғасып келуде. Атқарылған жұмыстар мен ауыл тұрғындарының пікірі жайлы толығырақ тілші материалында.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін




