Қабылдау жалғасуда

Сарыағаш ауданында тұрғындардың талап-тілегін тыңдау жалғасуда. Аудан прокуроры Жандарбек Азимханов Қапланбек ауылдық округінің халқымен кездесіп, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер бойынша қабылдау өткізді. Жиында жол, жарық, жайылым жер және басқа да өзекті проблемалар көтерілді. Толығырақ, тілші материалында.

Словакияда Қазақстанның дінаралық диалог саласындағы бастамалары талқыланды

Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Еуропадағы Діни бостандықтар форумының (FOREF) президенті, Еуропалық одақтың ЕО аумағынан тыс жерлерде дін және наным бостандығын ілгерілету жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Ян Фигельмен кездесті.

Қазақстан мен БАӘ инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабектің БАӘ Инвестициялар жөніндегі вице-министрі Мохаммед Әл-Хауимен кездесуі өтті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің практикалық қадамдары болды.

Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналардың есепшоттарына шамамен 20 млрд теңге аударылды — балалардың 87%-ы көмек алды

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылды. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыды, бұл жалпы алушылар санының 87%-ына жуық.

Президенттің Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды

Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.