Әлемдік мұнай бағасы қайтадан өсті

6 қазан таңертең мұнай тасымалына қатысты алаңдаушылықтарға байланысты әлемдік мұнай бағасы аздап өсті.
Биыл Қазақстанда 1,6 мыңға дейін ауылды интернетке қосу жоспарлануда

Биыл интернетке 370 ауыл қосылды. Тартылған байланыс желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 12 мың шақырымға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Жыл соңына дейін Қазақстанда eGov GPT арқылы 150-ге дейін қызметті іске қосу жоспарлануда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде QazTech платформасы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесінің негізіне айналды. Цифрлық жүйелерді көшіру бойынша биылғы жоспар 92%-ға орындалды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Үкімет отырысында Олжас Бектенов әкімдерге жылу беру маусымында бақылауды күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов өңір әкімдеріне жылу беру маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандыруды тапсырды.
«Құт мекен»: Ұлттық ойындар ұлықталды

Сарыағаш ауданына қарасты Қызылжар ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Құт мекен» жобасының аясында табиғат аясында мәдениет майталмандары өзара сынға түсті. Бірлік пен достық көрініс тапқан додада қатысушылар 3 кезең бойынша шапшаңдықтарын көрсете білді. Басты мақсат – мәдениет саласының қызметкерлері арасында ауызбіршілікті нығайтып, өзара тәжірибе алмасу және салауатты өмір салтын насихаттау.
«Ару аналар» қарияларға құрмет көрсетті

Қариясын құрметтеген елдің қашан да мерейі үстем. Шымкент қаласындағы қарттар үйінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл игі бастаманы ауданның әжелерінен құралған «Ару аналар» тобы қолға алып, ақ жаулықты аналар мен қарияларға арнайы құрмет көрсетті. Қуаныш пен сыйластыққа толы кездесу жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Әр институттың атқаратын қызметі мен жауапкершілік аясының нақты белгіленуі маңызды

Мемлекеттің тұрақты дамуы тиімді басқару жүйесімен қатар, мемлекеттік институттардың заңда белгіленген өкілеттіктер шеңберінде жұмыс істеуіне де байланысты.
Мемлекеттік басқару жүйесінде әрбір институт өзіне жүктелген міндеттерді белгіленген өкілеттіктер аясында жүзеге асырады

Мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығы, ең алдымен, институттардың нақты өкілеттіктері мен олардың өзара жауапкершілігіне байланысты.
Күшті мемлекет тұрақты мемлекеттік институттар мен нақты белгіленген жауапкершілік жүйесіне сүйенеді
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі қағидаттарын, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін және олардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Мемлекеттік институттардың әрқайсысының өз құзыреті бар. Президенттің, Құрылтайдың, Конституциялық Соттың, мәслихаттардың және өзге де мемлекеттік органдардың қызметі белгіленген өкілеттіктер аясында жүзеге асырылады. Бұл жүйеде маңызды мәселе — өкілеттіктердің нақты бөлінуі ғана емес, қабылданған шешімдер үшін институционалдық жауапкершіліктің айқын […]
Көркемсөз шеберлері бақ сынады

Сарыағаш ауданында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Көркем әдебиетті насихаттап, жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруды мақсат еткен шараға 17-35 жастағы түрлі мамандық иелері қатысты. Жастар арасындағы дода жайлы толығырақ таратамыз.