Жапон аудиториясы қазақ кино өнерінің туындыларымен танысуда

Токиода Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының ұйымдастыруымен Қазақ киносының күндері ашылды.
Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады

Мемлекет басшысына аграрлық саланың биылғы он ай ішіндегі даму қорытындысы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал, ішкі істер органдарына жүктелген міндеттердің орындалуы, соның ішінде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру жұмыстары жөнінде баяндалды.
Жол мәселесі шешімін күтуде

Сарыағаш ауданының Самал-3 мөлтек ауданында тұрғындар инфрақұрылым мәселесін ашық көтерді. Су мен жарыққа қатысты түйткілдер біртіндеп шешімін тауып жатқанымен, ең өзекті проблеманың әлі күнге дейін жол екені айтылды. Тұрғындар нені талап етіп отыр? Ал жауапты бөлім не дейді? Тілші материалында.
45-ке жуық әже марапатталды

Сарыағаш ауданында «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ерекше шара өткізілді. «Қыз көші» ұлттық дәстүрін дәріптеуге арналған бастама аясында қалыңдықтың бас киімі – сәукеленің GLOBAL BOOK OF RECORDS тізіміне енген болатын. Осы тарихи жетістікке үлес қосқан, ұлттық өнер мен дәстүрді насихаттауда белсенділік танытқан әжелер арнайы марапатталды.
«SILK WAY STAR» жобасы
22 жаңа үй – Абай ауылына жаңа серпін

Келес ауданының орталығы – Абай ауылында 2023–2029 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Бағдарлама шеңберінде 2 қабатты, 22 жаңа тұрғын үйдің құрылысы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Құрылыс алаңына барып, жағдаймен танысып қайтқан тілші материалына кезек берсек.
Жанардағы жылу – жүректегі мейірімінің айнасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен жыл сайын 13 қараша «Халықаралық зағиптар» күні болып аталып келеді. Белгіленген атаулы күннің аясында аудан әкімдігінің қолдауымен ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында зағип жандарға сый-сияпаттар табыс етіліп, мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.
Әкімнің ұсынысы ауылға жаңа серпін бере ме?

Келесте ауылдық округтердегі кездесулері еркін форматы өтті. Әдеттегі баяндама емес, тікелей сұрақ-жауаптан басталған ашық диалог Жамбыл мен Бірлік ауылдарының тұрғындарын белсенді етті. Жол мен жарық, ауылдың болашағы, жаңа жобалар — бәрі де ашық талқыланды. Ал аудан басшысы бұл жолы күтпеген ұсыныс білдірді.
Этностар арасындағы “Достық спорттық іс-шарасына” шақырамыз!

Сарыағаш ауданында ағымдағы жылдың 21 қараша күні әртүрлі этностардың қатысуымен «Достық спорттық іс-шарасы» өтеді. Бұл шара — бейбітшілік пен бірлікті, спорт арқылы достықты нығайтуға арналған ерекше кездесу болмақ!