Он күнде заңсыз айналымнан 55 келіден астам «синтетика» тәркіленді

«Заң мен тәртіп» қағидасын жүзеге асыру аясында ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарымен күрес бойынша мақсатты жұмысты жалғастырып, жастарды заңсыз айналымға тартуға жол бермеуге ерекше назар аударады.

Мәжіліс депутаттары шекара маңындағы өңірлерді дамыту мәселелерін талқылады

Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Шекара маңындағы өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері» тақырыбында көшпелі отырыс өткізді. Асхат Аймағамбетов жетекшілік еткен жиынға депутаттар, мүдделі мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімдіктің өкілдері қатысты.

Келімбетов мұрасы – жаңа ғылыми қадам

Түркістан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Келес ауданының №65 білім беру мектебінде «Немат Келімбетов мұрасы және ежелгі түркі әдебиетін мектепте оқытудың әдістемелік негіздері» атты ІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Шараның басты мақсаты – педагогтардың ғылыми әлеуетін арттыру, жас ұрпақты тәрбиеге баулуда әдеби мұраның рөлін көрсету және Немат Келімбетов шығармашылығын терең талдап, насихаттау болды. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.

Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның шетелдермен достық және мәдени байланыстар қоғамы Президиумының төрағасы Сайдулло Хайруллоевпен кездесті.

Қазақстан мен Грекия жоғары деңгейдегі келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша «сағаттар теңестірілді»

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Александра Пападопулумен кездесу өткізді. Оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кітапхана қоры жаңарды

Балалар кітапханасы – жас оқырмандардың білім мен қиял әлеміне жол ашатын маңызды мәдени орталық. Бүгін – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай, Келес аудандық балалар кітапханасының жұмысы таныстырылды. Кітапхана қоры жыл сайын толықтырылып, балалардың жас ерекшелігіне байланысты түрлі жанрдағы әдебиеттермен байытылып келеді.

Қазақстан ДДСҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясына қатысуда

Женевадағы БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі, Елші Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация 2025 жылғы 17-22 қараша аралығында Женевада өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 11-ші сессиясына қатысып жатыр.