Алматыдағы тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды үш мәрте өткізу әрекеті тоқтатылды

Қала аумағындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне заңмен рұқсат етілмеген бұйымдарды алып кірудің жолы кесілген. Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері осындай үш жағдай тіркелген және олардың барлығы тергеу изоляторында болған. Өткен жылы қала мекемелерінде ұқсас 11 дерек анықталған.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

ЖЫР ЖҮЙРІГІ – ЖАМБЫЛ

Сарыағаш ауданы, Қызылжар елді мекеніндегі №75 мектепте қазақтың ұлы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты кең көлемді әдеби-танымдық жиын өтті. Мектеп ұжымы мұндай рухани шаралар жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулып, әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсетінін атап өтті. Рухани кештің барысы жайлы толығырақ келесі бейнематериалда.

ЕР ЕСІМІ ЕЛ – ЖАДЫНДА

Келес ауданында Ауған соғысы және Тәжік-Ауған шекарасы қақтығысына қатысқан ардагерлерге құрмет көрсетілді. Абай ауылындағы «Ардагерлер» аллеясында өткен мерекелік жиында, майданда ерлік көрсеткен азаматтар еске алынып, олардың батырлығы кейінгі буынға өнеге ретінде дәріптелді. Тағылымды шара еске алумен ғана шектелмей, жасөспірімдер арасындағы спорттық додаға ұласты.

“Африкаға қарағанда бізде арзан”

“Бәйтерек” бас директоры Рүстем Қарағойшин елдегі ет бағасы туралы айтты. Ол Қазақстандағы ет өте арзан, тіпті Африкадан арзан екенін мәлімдеді. Онда баға шамамен 47 цент дейді.

ЖАС ҰРПАҚ ПЕН ЖАУЫНГЕР ЖҮЗДЕСУІ

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай тағылымды жиындар жалғасуда. Осы орайда Сарыағаш аудандық орталық кітапханасында «Ауған жолындағы аға буын » атты, ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Тағылымды жиынның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа ерлік пен отансүйгіштік рухын дәріптеу, ауған соғысы ардагерлерінің өнегелі өмір жолын насихаттау және бейбіт өмірдің қадір-қасиетін ұғындыру.