«Ақтаудағы AZAL ұшағы апатын тергеу аяқталуға жақын»

Вице-премьердің айтуынша, Көлік министрлігі тергеудің соңғы кезеңіне жақындады. Сондықтан қазір аэронавигациялық құралдар және басқа да технологиялардың лицензиарлары мен өндірушілерінен соңғы қорытындыны күтіп отырмыз дейді Бозымбаев.

Угай арманның үні

Қыз тәрбиесінде әженің берген ақылының маңызы өте зор, тіпті отбасылық тәрбие жүйесінің ең қымбат, ең терең бөлігі деуге болады. Дәл осындай мақсатты көздейтін, салт дәстүрімізді дәріптейтін іс шара Дихан баба ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылды. «Угай арман» әжелер тобының «Өнерлі әже – ұрпаққа өнеге!» атты есептік концерті туралы алдағы сюжетте.

Нашақорлықтың алдын алу

Сарыағаш ауданында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар тоқтаусыз жалғасуда. Кезекті кездесу Толыбай Батыр атындағы №66 мектепте өтті. Мұнда тек тәртіп пен тәрбиенің маңызы ғана емес, оқушыларға көзге көрінбейтін қауіп — нашақорлық пен онлайн-арбау туралы нақты мысалдар көрсетілді.

Ел ағасына құрмет кеші

Сарыағаш ауданының құрметті азаматы, мәдениет майталманы, ел ағасы Еламан Алтаевтың «Өмір жолы» атты еске алу кеші салтанатты түрде ұйымдастырылды. Шара барысында ел ағасының өмірлік өнегесі, ел үшін сіңірген еңбегі мен рухани мұрасы тағы бір мәрте дәріптеліп, қатысушылар жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Жиынның мақсаты – абзал азаматтың артына қалдырған ізгі ісін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, құрметпен еске алу болды.

Жасөспірімдермен ашық диалог өтті

Сарыағаш ауданында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары жалғасуда. №3 М.Ломоносов мектебінде «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында аудан прокурорының қатысуымен жоғары сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары өтті. Жиында не айтылды? Оқушылардың сұрақтарына прокурор қалай жауап берді? Тілші жалғайды.

Зорлыққа үнсіз қалма

Сарыағаш ауданында тұрмыстық және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған “Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” атты дөңгелек үстел өтті. Жастар ресурстық орталығының мамандары мен құқық қорғау органдары өкілдері қатысқан жиында мәселенің себебі, салдары және оны болдырмау жолдары талқыланды.

Сіргеліге жаңа айшықты қақпа орнатылды

Халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар аудан көлемінде қарқынды түрде іске асуда. Қапланбек ауылдық округіне қарасты Сіргелі елді мекенінде бой көтерген жаңа нысан ауылдың кіреберісіне салынған көркем ауыл қақпа құрылысы толығымен аяқталып, нысанның салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Шараға Сарыағаш ауданының әкімі, Түркістан облысынан арнайы келген құрметті қонақтар, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. Бұл бастама — ауылдың келбетін жақсартып, инфрақұрылымдық дамуға серпін беретін игі істердің жалғасы.

Ақжар елді мекені ауыз сумен қамтылды

Келес ауданында ауыл тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалық. Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекенінде таза ауыз су жүйесі іске қосылып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыратын маңызды инфрақұрылымдық нысан ел игілігіне берілді. Ауызсу жүйесінің ашылу рәсімі мен атқарылған жұмыстар жайлы толығырақ тілші жалғайды.

Достықты дәріптеген дода

Сарыағаш ауданындағы «Балалар мен жасөспірімдер» спорт мектебінде түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Достық ойындары» ұйымдастырылды. Бұл игі бастама — елімізде заң мен тәртіп идеологиясын нығайтуға бағытталған 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы жүзеге асыру аясындағы маңызды шаралардың бірі.

Гонконгта қазақстандық экспортты ілгерілету мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасының Гонконг АӘА-дағы Бас консулдығы өңірдегі ең ірі және беделді дистрибьюторлық компаниялардың бірі «Uni-China Group»-пен ресми кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты екіжақты сауда байланыстарын нығайту және Қазақстанның азық-түлік экспортын Гонконг нарығына ілгерілету мәселелерін талқылау болды.