«Ешкі ауылдың ертеңі» сахналанды

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде сатирик, “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” Көпен Әмірбектің 75 жылдық мерейтойына орай, “Ешкі ауылдың ертеңі” атты комедия сахналанды. Айта кетейік, осы қойылыммен Халықтық драма ұжымы жуырда ғана Отырар ауданында өткен облыстық “Театр — өмір айнасы” байқауында “Үздік актёрлық ансамбль” номинациясын жеңіп алған болатын. Бүгінгі өткен кеш барысын тілші жалғайды.
Вьетнамда «Астана» симфониясы көрсетілді

2025 жылғы 27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Ханойда 4-ші Азия-Еуропа халықаралық жаңа музыка фестивалі өткізілді. Іс-шараны екі құрлықтың өкілдерінен тұратын ұйымдастыру комитеті, Вьетнам композиторлары одағы, жергілікті мемлекеттік органдар мен Ханой қалалық әкімшілігі бірлесе ұйымдастырды.
Қазақстанның туристік әлеуеті Global Destinations Expo 2025 көрмесінде таныстырылды

Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі «Discover Pakistan» жетекші телеарнасы және Туризмді дамыту корпорациясы (PTDC) бірлесе ұйымдастырған Global Destinations Expo 2025 туристік көрмесіне қатысты.
Будапештте Дунай институтының сарапшылары қатысқан дөңгелек үстел өтті

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Мажарстанның жетекші талдау орталықтарының бірі – Дунай институтының сарапшыларымен өткен дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шарада қазақ-мажар қатынастарының қазіргі даму динамикасы, Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясындағы ынтымақтастық мәселелері және Орталық Азиядағы өңірлік үрдістер қарастырылды.
Кишинёвте қазақстандық тың жерлерді игеруге молдовандардың қатысуы талқыланды

Молдованың Ұлттық мұрағат агенттігі мен Ұлттық кітапханасы Қазақстанның Молдовадағы Елшілігімен бірлесіп «Молдавандардың 1950-1960 жылдары Қазақстанда тың жерлерді игеруіне қатысуы: әлеуметтік-тарихи контекст, барысы, салдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Алматыдағы «Метро», Small, Toimart және өзге де ірі сауда желілері бағаны негізсіз өсіргені үшін жауапкершілікке тартылды

Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтушылардың құқығын қорғау департаменті жыл басынан бері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4-бабына сәйкес, Small, JLC, Galmart, Toimart, My Mart сауда желісі, А-стор, Беккер, супермаркет Carefood, «Food Beverage Trading» ЖШС, «Airba Fresh» ЖШС, «Good Luck Trade» ЖШС, «Mix Market Trade» ЖШС және басқа да кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 420-дан астам кәсіпкерлік субъектісіні әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын киім кигені үшін жаза қолданылады

Мәжіліс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заңды екінші оқылымда қабылдады.
Электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді

Жаңа заңда жол қауіпсіздігін жақсартуға және электр самокаттарын жалға беру операторларының қызметін реттеуге бағытталған өзгерістер ұсынылады.
Қазақстан мен Өзбекстан жаңа авиамаршруттар мен Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасын орындау аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм және көлік байланыстарын дамыту жөніндегі жұмыстар күшейтілді.
Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Күллі әлем елдері транзиттік мүмкіндіктерін арттыруға ерекше мән беріп отыр. Халықаралық бәсекелестік күшейе түсті. Қазір Қазақстан арқылы жөнелтілетін жүк, негізінен, автомобиль және теміржол арқылы тасымалданады. Бірақ сарапшылар жыл өткен сайын әуе жолдары арқылы өтетін жүк тасымалы, яғни «air cargo»-ның үлесі арта түседі деген болжам жасауда. 2040 жылға қарай әуе жүктерінің 20 пайызы «Азия – Еуропа» бағытына тиесілі болмақ. Еліміз теміржолды, автокөлік жолын және әуе тасымалын қамтитын мультимодальді логистика жүйесін қалыптастыруы керек, – деді Мемлекет басшысы.