Президент Бас прокуратурада жиын өткізді

Мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты.

Конституциялық комиссияның екінші отырысында реформалар жөнінде келіп түскен ұсыныстар талқылануда

Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтуде. Іс-шара конституциялық реформаға байланысты келіп түскен ұсыныстарды талқылауға арналды. Комиссия жұмысы ашықтық пен жариялылық қағидаттарына негізделген, ал талқылаудың барлық кезеңдері жұртшылық үшін тікелей эфирде көрсетілуде.

АУЫР АТЛЕТИКА ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Келес ауданында спорт саласындағы маңызды жаңалықтардың бірі жүзеге асты. Ауданда алғаш рет ауыр атлетика залы ашылып, жас спортшылар үшін жаңа бағыттағы жаттығу мүмкіндіктері пайда болды. Салтанатты шара «Келес спорттық-сауықтыру» кешенінде ұйымдастырылып, аудан спортының дамуына серпін беретін нысан ретінде бағаланды. Жаңа зал жасөспірімдердің кәсіби спортқа қадам басуына және болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашпақ.

Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар ақпанның соңына дейін елден өз еркімен кете алады

Сонда ғана олар айыппұлға ілікпей, қайта кіруге тыйым алмай, елден ерікті түрде шыға алады. Бұл Қазақстан мен Корея арасында жасалған бағдарлама аясында іске аспақ. Десе де бұл бағдарлама қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды. Сондай-ақ мәжбүрлеп елден шығаруға жататын шетелдіктер де кірмейді.

Президент тапсырмаларын орындау: Солтүстік Аралдың көлемін 34 км³ дейін ұлғайту жоспарлануда

Солтүстік Арал теңізінің ауданын 34 км³ дейін, ал оның аумағын 4-5 жыл ішінде 3 913 км² дейін жеткізу жоспарлануда. Президенттің Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау шеңберінде теңізді сақтау жөніндегі шаралар туралы Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баяндады.