«Заң және тәртіп» цифрлық сервисін қалай пайдалануға болады?

Құқық бұзушылық туралы енді смартфон арқылы – «Заң және тәртіп» сервисімен тікелей хабарлауға болады. Ол сіздің күнделікті қолданатын қолданатын қосымшалардың ішінде бар. Бірнеше секунд, және сіздің өтінішіңіз құқық қорғау органдарына жетеді.

Как использовать цифровой сервис «Закон и порядок»?

Как использовать цифровой сервис «Закон и порядок»?
Сообщить о нарушении теперь можно прямо со смартфона – через сервис «Закон и порядок». Он уже интегрирован в ваши привычные приложения. Пара секунд, и ваша заявка уже у дежурного полицейского.

КЕЛЕСТЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ ЖЕТІСТІГІ

Еліміздің бірқатар өңірлерінде ақ ұлпа қар қалыңдап, қыстың қаһары сезіліп тұрған кезеңде, топырағы құнарлы Келес ауданында жаздың лебі сезіледі. Мұнда жылыжайларда қызанақ толық пісіп, мол өнім жиналуда. Қыс мезгілінде көкөніс өндіру – бұл аудан диқандарының заманауи технологияны тиімді пайдаланып, тынымсыз еңбек етуінің нәтижесі. Табиғаттың тосын мінезіне қарамастан, берекелі еңбек пен жаңашыл тәсіл Келесті өнімді өңірге айналдырып отыр.

КЕЛЕСТЕ ЕГІСТІККЕ СУ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛМАҚ

Келес ауданында су тапшылығын азайтып, егістік алқаптардың өнімділігін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Соңғы жылдары тұрғындар жиі көтерген ағын су тапшылығы мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бүгінде каналдарды жаңғырту мен тазалау жұмыстары аудан аумағында қарқынды жүргізілуде.

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРТЫЛДЫ

Сарыағаш қаласының орталық алаңында жолаушылар тасымалы саласындағы маңызды шара өтті. «Sar Avto» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен жаңа қоғамдық көліктер тұрғындар игілігіне табысталды. Бұл бастама қала ішіндегі қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға және тұрғындардың қатынасын жеңілдетуге бағытталған.

«АЯЛЫ АЛАҚАН» – БЕЛСЕНДІ ӨМІРГЕ ЖОЛ

Сарыағаш ауданындағы «Аялы алақан» орталығы — зейнеткерлер үшін жаңа тыныс ордасына айналған. Мұнда тұрғындар бос уақытын пайдалы өткізіп қана қоймай, денсаулығын күтіп, жаңа қызығушылықтар таба алады. Бұл қызметтердің бәрі тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, қоғамға араласуына жол ашады. Аталған орталық жайлы толығырақ тілші жалғайды.