АПАТТЫ КӨПІР: МӘСЕЛЕ ШЕШІЛЕ МЕ?

47 отбасы күнделікті қатынайтын көпірдің апатты жағдайда екені – есептік кездесуде көтерілген ең өзекті мәселенің бірі болды. Жемісті ауылдық округіндегі жиында тұрғындар аудан әкіміне жол, ауыз су және жарық мәселелерімен қатар, құлау қаупі бар көпірді шұғыл жөндеу қажеттігін жеткізді. 2025 жылы атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар да нақтыланды. Көпір мәселесі қалай шешіледі? Тұрғындардың тағы қандай талап-тілегі бар? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Ресейде қазақстандық студент саяси көзқарасы үшін екі жылға сотталды

Санкт-Петербургте оқитын қазақстандық Гарри Азарян 2025 жылы «Жұмысшылар билігі» солшыл радикалды қозғалысының жиынына қатысып, режимді өзгертуге және жаппай кісі өлтіруге шақырды деген айыппен қамауға алынды. Қозғалыс өкілдері істі ойдан шығарылған деп атады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛМЕК

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті. Кездесуде өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды қолдау және институционалдық ортаны жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады.

Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.

МҰҚАҒАЛИ – ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ

Сарыағаш аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ісшара өтті. Басты мақсат – Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ БАСТАЛДЫ

Президенттің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар және Дербісек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында аудан әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, 2026 жылға жоспарланған әлеуметтік-экономикалық жобалар мен алдағы міндеттерді таныстырды. Халықтың көтерген түйткілді сұрақтары мен қабылданған шешімдер қандай?

Тағы да әскеридің өлімі ашылмай қалды…

«Аягөзде оқ атылып ажал құшқан офицер Бақытжан Әріпжанның жақындары әділдік іздейді. Үш жыл бұрын әскери бөлімде мәйіті табылған марқұмға эксгумация жасалған», – деп хабарлайды stan.kz.