ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Бастауыштан басталған берік білім – болашақтың кепілі. Сарыағаш ауданындағы №67 Т.Тәжібаев атындағы мектепте өткен аудандық семинарда дәл осы қағида басты назарға алынды. Педагогтар оқушының тек білімін емес, ойлау қабілеті мен өмірлік дағдысын дамытуға бағытталған функционалдық сауаттылық тапсырмаларын ұсынды. Ауданның 40-қа жуық мектебінен жиналған ұстаздар тәжірибе алмасып, жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін талқылады.

ДӘСТҮР ЕМЕС – ҚЫЛМЫС

Қоғамда белең алып келе жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық пен психологиялық қысымның алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатымен Келес ауданында «Сталкингті тоқтат, қауіпсіздік – әр адамның құқығы» атты форум өтті. Жиынға аудан прокурорының орынбасары, бас имам, аудан әкімінің орынбасары, Келес ауданы полиция бөлімі және аналар кеңесінің төрайымы қатысты.

ҚАЛЫҢ ҚАРҒА ҚАРАМАСТАН ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Жамбыл облысында қалың жауған қар мен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, облыстық жедел жәрдем бригадалары тұрғындарға медициналық көмекті үздіксіз көрсетуде. Ақ ұлпа қар жол қозғалысын қиындатып, кейбір елді мекендерде көлік қатынасын шектегеніне қарамастан, медицина қызметкерлері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруда.

Ауыл әкімі тұрғынды балағаттаған

БҚО-да Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округінің әкімі Арман Жұмағалиев ауыл тұрғынына дауыстық хабарламамен “ештеңе істемедің” (ни*рена не сделала) деп айтқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті

Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде жүзеге асырып жатқан маңызды жобалары мен бастамаларына қолдау білдірді.