Олжас Бектенов Түркістан облысында электр стансасын салу жөніндегі Президент тапсырмасының жүзеге асырылу барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба Ұлттық электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

САРЫАҒАШТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 15 ШАҚЫРЫМ КАНАЛДАР МЕН АРЫҚ-АТЫЗДАР ТАЗАЛАНДЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Үндеу жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берген болатын. Осыған орай Түркістан облысында аталған акция жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Ауқымды іс-шара Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

ҚАЗЫҒҰРТТА ӨТКЕН «МӨЛДІР БҰЛАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында елімізде кең ауқымды экологиялық шаралар қолға алынуда. Соның бірі – табиғатты қорғауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» акциясы.

ҚАПЛАНБЕКТЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Үміт пен жаңарудың символы болған Әз-Наурыз мерекесі әр өңірде жалғасын табуда. Мәселен, Сарыағаш қаласы Қапланбек шағын ауданында да мерекелік іс шара жоғары деңгейде атап өтілді. Қыстан аман есен шығып, ұлыстың ұлы күнін тойлау тұрғындарға да айтулы күн болып, үлкен қуаныш сыйлады. Толығырақ алдағы бейнеметериалда.

АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ – ИГІ БАСТАМА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында Сарыағаш ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауданға қарасты бірқатар елді мекендерде көгалдандыру шаралары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл бастама өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындар арасында табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ералы Жайлауұлы президенттен медаль алды

Хидиров Ералы Жайлауұлы 2012 жылдан бастап «Сәт» Медиа-Холдинг» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқаруда. БАҚ саласында – 10 жылдан астам еңбек етіп келеді. Одан бөлек Сарыағаш ауданының – 80 жылдығына арналған энциклопедиясы авторларының бірі.