ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТӨРТ ЖАҢА СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ордабасы ауданында Түркістан облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, алдағы вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

Сарыағаш ауданында «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Наурыз мерекесі аясында «Ұлыстың ұлы күні, Көктем шуағы – Наурыз нұры» атты іс шара өтті. Басты мақсат қызмет алушыларды татулық пен бірлікке шақыру және салт дәстүрлерімізді жаңғырту болып табылады.

ҚАРИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ

Құрмет пен қамқорлыққа бөленген қазыналы қариялар. Келес ауданында көктемнің шуақты мерекелері аясында «ЯГОМА-13» мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен ерекше мазмұндағы мерекелік кеш өтті. Ақ дастархан жайылған басқосуда жиналғандар ән айтып, көтеріңкі көңіл күймен Наурыз мерекесін тойлады. Айта кету керек мерекелік шара қоғамдық бірлестігінің директоры Абдимутал Байсопиевтің бастамасымен жүзеге асты.

БІРЛІК ПЕН САЛЫНҒАН МЕШІТ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округіне қарасты Ақниет елдімекенінде мың адамға арналған жаңа мешіттің салтанатты ашылуы өтті. Үш жыл бұрын басталған құрылыс бүгінде ел игілігіне беріліп, ауыл тұрғындарының қуанышына айналды.

Катарға соққы кесірінен әлемде МРТ-ға керекті гелий тапшы болып тұр

«Соғыстың салдары медицина саласына да соққы болды. Әлемде гелий тапшы бола бастады. Гелий өндіріс пен қатар медицинада аса сұранысқа ие. Әсіресе МРТ құралдары мұнсыз жұмыс істей алмайды»,- деп хабарлайды 24 kz.

Ербол Хамитовқа тағы бір атақ табысталды

Паралимпиада ойындарының алтын жүлдегеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Оған марапатты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады.