Мемлекет басшысы энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жағдайы, негізгі жобаларды жүзеге асыру барысы және секторды одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берілді.
«МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Мұқағали Мақатаев шығармашылығын кеңінен насихаттау, ақын поэзиясын жас ұрпақтың жүрегіне жеткізу және әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында Сарыағаш ауданының орталық мәдениет үйінде облыстық «Мұқағали оқулары» байқауы ұйымдастырылды. Рухани кеште қатысушылар ақын жырларын мәнерлеп оқып, оның терең ойлы, сыршыл поэзиясын көрерменге әсерлі жеткізе білді.
МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ АЛДЫНДА

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің қатысуымен жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Басқосуда қатысушылар жаңа құжаттың ел дамуы үшін стратегиялық мәніне тоқталып, азаматтардың саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін арттыру бағытындағы өзгерістерді сөз етті.
Как Вы можете проголосовать, если 15 марта будете находиться не по месту своей регистрации?
Егер Cіз 15 наурызда өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерде болсаңыз, қалай дауыс бересіз?
Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады.
Таяу Шығыстан эвакуация: Air Astana төрт рейс жасауды жоспарлап отыр

Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Мединаға 2 репатриациялық рейсті және Джеддаға 2 репатриациялық рейсті орындауды жоспарлап отыр.
Сәбилер қосымша екпе алады: Елде қызылшаға қарсы вакцинация күшейтілді

Қызылша бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешенін кеңейтті.
АҚШ-тың әскери ұшақтары Кувейт аумағында апатқа ұшырады

Оқиға Парсы шығанағындағы шиеленіс жалғасып жатқан кезеңде болды, деп хабарлайды Kazinform-ның Таяу Шығыстағы тілшісі.
Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны қаңтар айының қорытындысын жариялады. 1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті.