Трамп Ираннан кейін Кубаға кіріспек

Дональд Трамп Иран «мәселесін реттеген соң» Кубамен айналысатынын айтты. Сөзінше, Куба АҚШ-пен бір мәмілеге келуге ниетті.
Футбол матчында Иран әйелдер құрамасы әнұран айтудан бас тартты

Футболдан Азия кубогы аясындағы матч алдында Иран әйелдер құрамасы мемлекеттік әнұранды айтудан бас тартты.
Көкшетауда қазақ әндерін қорлаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оқиға өткен жылдың соңында қаладағы шаштараздардың бірінде болған. Салон қызметкерлерінің арасында залда қойылатын әндерге байланысты мәселе туындаған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.
ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

Созақ ауданындағы индустриялық аймақта орналасқан “UKO-S-STAR” ЖШС аумағында жалпыұлттық коалиция мүшелері өндіріс және кәсіпкерлік саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында елде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мән-маңызы түсіндіріліп, оның өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытуға беретін мүмкіндіктері кеңінен сөз болды.
КЕЛЕС – РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫН

15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында Келес ауданында дайындық жұмыстары пысықталуда. Аудандық референдум комиссиясы сайлау учаскелерінің дайындығын тексеріп, дауыс беру үдерісін ұйымдастыру шараларын жүйелеп жатыр. №1 Омар Есімов атындағы мектепте орналасқан учаскеде техникалық және ұйымдастырушылық әзірлік барысы таныстырылды.
ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ӘЖЕЛЕР БАС ҚОСТЫ

Сарыағаш ауданында «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен кезекті жиын Орталық медресе колледжінде өтті. Шараның басты мақсаты – ұмыт бола бастаған ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, қазақтың ұлттық киімдері мен мәдени мұрасын жастарға кеңінен таныстыру. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген жиын жайлы толығырақ тілші тарқатады.
КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ТОЛЫҚ ҚОЛДАДЫ

Елордадағы EXPO конгресс-орталығында «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шарада Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Залда Қазақстанның барлық өңірінен келген мыңға жуық көшбасшы әйел – білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ғылым, әлеуметтік салаларының және азаматтық сектордың өкілдері жиналды. Іс-шара аясында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда өтетін референдум талқыланды.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен мәжіліс өтіп, үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының іс-шара жоспары жан-жақты талқыланды. Талқылауға жауапты басқармалармен қатар, Арыс қаласы, Келес, Сарыағаш, Сауран, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек, Қазығұрт аудандарының әкім орынбасарлары, ауыл шаруашылығы бөлім басшылары, аумақтық инспекция басшылары мен мамандары қатысты.
Аңдыған және терезеден сығалаған: Атырау облысында «сталкинг» үшін үкім шығарылды

Елімізде Қылмыстық кодекстің 115-1 («Сталкинг») жаңа бабы өз күшіне енді.