Ералы Жайлауұлы президенттен медаль алды

Хидиров Ералы Жайлауұлы 2012 жылдан бастап «Сәт» Медиа-Холдинг» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқаруда. БАҚ саласында – 10 жылдан астам еңбек етіп келеді. Одан бөлек Сарыағаш ауданының – 80 жылдығына арналған энциклопедиясы авторларының бірі.
Қазақстан “бақытты” елдердің қатарында

Қазақстан әлемдік «бақыт» рейтингінде 10 сатыға көтеріліп, 33-орынға жайғасты. World Happiness Reportдерегінше, ел ТМД мемлекеттері арасында көш бастады.
Иранда 19 жастағы жас балуан Салех Мохаммади көпшілік алдында дарға асылды

Иран билігі оны наразылық акциялары кезінде полицияға шабуыл жасады деп айыптады.
Жынысына байланысты басы дауда қалған Иман Хелиф ресми түрде рингке қайта оралады

Алжирлік боксшы Иман Хелиф 23 сәуірде Парижде өтетін әйелдер арасындағы кәсіпқой бокс кешіне қатысады.
Астанада LRT вагондарын адамдар сүйреп жүр

Желіде оның видеосы тарады. Кадрдан жұмысшылардың LRT вагондарын арқанмен сүйреп бара жатқанын көруге болады. Олардың неге бұлай жасағаны әзірге белгісіз. Десе де бұл желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Олар: «Египет пирамидасын салғандай болыпты ғой», «100–200 теңгелік жолақыға осындай сервис кіре ме» деп әзілдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қазақ халқының тарихында ұлттық спорттың алар орны ерекше. Халқымыздың байырғы дәстүрлі ойындары мен ұлттық спорт түрлерін дәріптейтін бұл мереке – ұрпақ сабақтастығының айқын көрінісі. Осыған орай Сарыағаш ауданындағы атшабар алаңында ептілік пен шыдамдылықты сынға салған тартысты жарыстар өтті. Толығырақ келесі бейнематериалда.
ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС – ТАТУЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ

Отбасылық спорт – денсаулықты нығайтып қана қоймай, жанұя арасындағы бірлік пен татулықты арттыратын маңызды құндылық. Осы мақсатта Сарыағаш аудандық полиция басқармасының бастамасымен Сарыағаш қаласындағы №80 «Келешек» мектебінде «Заң мен тәртіп», «Зорлық-зомбылыққа қарсы» және Наурызнама онкүндігі аясында отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және полиция мен халық арасындағы өзара сенімді нығайту.
НАУРЫЗ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

Келес ауданында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Орталық стадионда ұйымдастырылған думан ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениетті тоғыстырған ауқымды мерекеге айналды. Бірлік пен берекені дәріптеген шараға жиналған халық көтеріңкі көңіл күймен Наурыздың шынайы атмосферасын сезінді. Мерекенің өту барысы толығырақ келесі бейнематериалда.
Президенттің атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Ораза айтқа орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келді.