«Ашық есік» күні өтті

Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Осыған орай, Сарыағаш қаласындағы «Bah_asmar» кәсіпорнында мектеп бітіруші түлектер мен колледж студенттеріне арналған «Ашық есік» күні өтті.
Балағаттағаны үшін 10 күнге қамалды

Адамның жекесіне өтіп, балағаттауға қатысты заңға немқұрайлы қараған азаматтар енді тілдерін сүзгіден өткізуге мәжбүр болмақ. Өйткені, агрессор әрбір бейәдеп сөзіне жауап береді. Мәселен, әйелін балағаттап, ар-намысын таптағаны үшін Сарыағаш қаласының тұрғыны 10 күнге қамауға алынды. Жарына деген құрметіне қарағанда, қызғанышы басым балағат сөз шебері бүгінде темір тордың арғы жағында әйелін былапыт сөзбен қорлағаны үшін өкінетінін айтып әлек.
Бағыс е/м жарықшамдар орнатылды

2024 жыл қорытындысы бойынша аудан әкімі Арман Абдуллаевтың өңір тұрғындарымен кездесуі басталды. Халық алдындағы алғашқы есеп Ақжар ауылдық округінің мәдениет үйінде өтті. Жиында Арман Айдарұлы өткен кездесуде көтерілген 21 мәселеленің шешілу барысын баяндады. Сондай-ақ, әкім 2025 жылға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымен бөлісті.
«Ауған соғысы – ұмытылмас тарих»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай, Келес ауданында арнайы шара өтті. «Ауған соғысы – ұмытылмас тарих» атты салтанатты жиын, монументке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Жиналғандар қаза болған боздақтарды еске алып, Құран аяттарын бағыштады. Толығырақ, алдағы сюжетте.
«Ауған соғысы – ұмытылмас естелік»

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толады. Айтулы датаға орай, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Алдымен Сарыағаш қаласындағы «Жеңіс» саябағындағы мемориалға гүл шоқтары қойылып, боздақтардың рухына Құран оқылды. Шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Айтып өтейік, ауданымызда қазір 129 Ауған соғысы ардагері бар.
Талантты ұстаз бен қабілетті балалар

Келестік ұстаз Қуатбек Ишалиев «Codi Play» бағдарламасы арқылы «Ақылды ауыл» жобасын жасап, облыстық байқаудан 2 – орын иеленді. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында үздіктердің қатарынан көрінген жас мұғалімге өзі білім беретін мектептің қабілетті оқушылары көмектескен. Айта кетейік, «Codi Play» жобасы Келес ауданында 2024 жылдың қараша айынан бастап 7 мектепте қолданылып келеді.
Облыстық өнер фестивалі

Келес ауданында “Өнер құдіреті – мәңгілік” атты өнер фестивалі өтті. Облыстың әр өңірінен келген өнерпаздар жиналғандарды әнмен тербеп, музыкалық композициялар орындады. Облыстық өнер байқауы туралы алдағы сюжетте.
С.Ташқараев атындағы сынып ашылды

№27 Шәкәрім атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Сәбит Шалқарұлы Ташқараевтың құрметіне атаулы сынып ашылды. Ондағы басты мақсат – жастарға үлгі-өнеге көрсету, олардың бойында патриотизмді, тарихи сананы қалыптастыру, әрі ұстаздар мен ардагерлердің еңбек жолын, қажырлы еңбегін жастарға үлгі етіп көрсету. Тағылымы мол іс-шара барысы толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Жас чемпионға құрмет көрсетілді

№3 М.Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Нұрболат Дәуренұлы республикалық чемпионаттан жүлделі орынмен оралды. Чемпион атанған жас спортшыға айтулы білім ордасының ұстаздары мен оқушылары құрмет көрсетті. Қостанай облысынан қанжығасын медальмен толықтырып қайтқан спортшыны әріптесім құттықтап қайтты.
Мәдениет – ішімдіктен бас тартқан ауыл

Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартқан. Солардың бірі – Сарыағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылы. Мұнда алкогольді сусындар сатылмайды. Қауіпсіз қоғам қалыпстастыруға атсалысып жүрген ауыл тұрғындарымен Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ермек Өсербаев арнайы кездесті.