Кезекті қоғамдық қабылдау

Самал мөлтекауданында қаңғыбас иттер қаптап барады. Бірнеше рет балаларды ит тістеу фактісі тіркелсе де, жауаптылар шара қолданар емес. Осы және өзге де мәселелер Сарыағаш ауданы әкімінің қоғамдық қабылдауында көтерілді.
Келесте каналдар тазалануда

Келес ауданында су тасқынының алдын алу бойынша каналдар мен көпірлердің маңы тазалануда. Ошақты ауылдық округі Береке елді мекеніндегі “Саңырау” каналынан бөлінетін “ Қараман” арығы механикалық әдіспен тазаланды. Ал қазіргі таңда “8-ші Ұлан” каналын тазалау жұмыстары жүруде.
Полиция ұжымы құрмет көрсетті

Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің ұжымы Алғыс айту күніне орай қоғамдық қауіпсіздіктің тұрақтылығы үшін еңбек еткен ардагерлер мен белсенді азаматтарға құрмет көрсетті. Бөлім бастығы, полиция полковнигі Есенғали Бейсебаев азаматтарды Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтың Алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпаттарын тапсырды. Толығырақ, әріптесім айтып берсін.
Алғыс айту күні кең көлемде тойланды

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Алғыс айту күні мерекесіне арналған ауқымды шара өтті. “Рақмет саған, Отаным” атты мерекелік жиынға аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы қатысып, жиналғандарды мейраммен құттықтады. Толығырақ, тілші материалында.
Сарыағашта оқушылар сарайы салынады

Құркелес ауылдық округіне қарасты Құркелес елді мекенінің 7 көшесіне ауыз су құбырлары тартылып, Ақбура ата көшесіне жарық шамдар орнатылды. Округке қарасты Құлтума елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту мақсатында электр желілері мен бағаналары жаңартылған. Сондай-ақ, 4 елді мекенге «Билайн» ұялы байланыс операторы тарапынан 4G жоғары жылдамдықтағы базалық станциясы орнатылған.Осы және өзге де ақпараттар Арман Абдуллаевтың Құркелес ауылы тұрғындарымен есептік кездесуінде айтылды.
«Солтүстікке шақырамыз»

Оңтүстік өңірден Солтүстікке көші-қон ұйымдастыру арқылы азаматтарды жұмыспен қамту – негізгі мақсаттардың бірі. Осы орайда, айтулы бастамаға үлес қосушы делегация мүшелері Сарыағаш ауданында болып, жергілікті тұрғындарға бағдарламаның негізгі басымдықтарын түсіндірді. Түркістан облыстық маслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков жерлестерін солтүстікке қажетті жұмыс күш қатарын толықтыруға насихаттады.
Ұлттық құндылықтар дәріптелетін онкүндік

Келес ауданында Түркістан облыстық білім басқармасы білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес, ұлттық құндылықтар негізінде отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты арнайы жиын өтті. Облыс көлемінде қолға алынған онкүндік “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған. Жуантөбе жалпы орта мектебінде өткен шара туралы толығырақ келесі сюжетте.
«Әкелер мектебі өнегелі ұрпақ тәрбиесі»

Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған “Дарын” мектеп-интернатында “Әкелер мектебі – өнегелі ұрпақ тәрбиесі” атты шара өтті. Аудандық Әкелер мектебімен бірлесе ұйымдастырылған семинардың мақсаты – әкелердің міндеттері мен жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды сақтау.
«Ислам және отбасы құндылығы»

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде алқалы жиын өтті. “Ислам және отбасы құндылығы” атты шараға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, ауданның бас имамы Тұрлыбек Төлебеков пен құқық қорғау органы қызметкерлері қатысты. Жиында маңызды мәселелер қаралды. Сондай-ақ, Рамазан айына дайындық пысықталды.
Тегін оқуға шақырады

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Полиция басқармасының ұйымдастыруымен жиын өтті. 300-ге жуық оқушы мен студент қатысқан шараның мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, зорлық – зомбылықты болдырмау. Толығырақ, алдағы сюжетте.