Сарыағаштағы бір мектептен 10 түлек «Алтын белгі» алды

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округіндегі мәдениет үйінде №75 Ж.Жабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің бітіруші түлектеріне аттестат табыстау салтанатты шарасына арнайы қатысты. Жас түлектерге арналған мерекелік шара барысында аудан әкімі жастарға жылы лебізін білдіріп, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Арман Абдуллаев озат бітірушілерге аттестаттар мен «Алтын белгі» төсбелгілерін табыстады.

«Талантты жастарды қолдаймыз»

Мәдениет үйлерінде ұйымдастырылатын балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық топтар, яғни үйірмелер жас өнерпаздардың ілгері дамуына үлкен үлес қосады. Мәселен, Жемісті ауылдық мәдениет үйінде гитара, домбыра, вокал үйірмелері жүйелі жұмыс жасайды. Оқушылар ұстаздарының еңбегі мен шеберлігі арқылы талай сайыста топ жарып келеді. Толығырақ, Айгерім Айтбаева айтып берсін.

Антикор жиналысы

«Қапаланбек» жоғары аграрлық техникалық колледжінде мемлекеттік қызметшілерге арналған маңызды жиын өтті. Әкімдік мамандарымен кездесуге Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Сарыағаш аумағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Айдос Төлендиев қатысты. “Заң мен тәртіп” атты жиын туралы толығырақ тілші метриалында.

Мәдениет үйі – ауыл өмірінің мәдени өзегі

Ауылдық мәдениет үйлерінің жұмысы – ауыл тұрғындарының рухани, мәдени және әлеуметтік өмірін жандандыруда маңызды рөл атқарады. Оның негізгі бағыттарының бірі – өнерпаздарды қолдау және дамыту, сондай-ақ шығармашылық үйірмелерді ұйымдастыру. Ақниет ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары аудан деңгейіндегі түрлі мәдени шараларда үздік атанып жүр. Сыры неде? Бірге білейік.

«Малшылар күні» мерекесі атап өтілді

2025 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланған болатын. Айтулы жыл аясында Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде “Малшылар күні” мерекесі атап өтілді. 5 ауданның мал шаруашылығы саласының үздіктері қатысқан шара жайын әріптесім айтып берсін.

Сарыағаштық жас суретші – «Балтаңдай» жүлдегері

Сарыағаштық жас өнерпаздар жүлделерімен қуантуда. “Балтаңдай” облыстық балалар өнер фестивалінде сарыағаштық Айдана Мұхамедиярова 2-орынды иеленді. Аудандық мәдениет үйі жанынан ашылған “Көңілді түстер” үйірмесінің шәкіртін әріптесім жүлдесімен құттықтап, тілдесіп қайтқан болатын.

«Өнерлі өлке» өнер фестивалі

Облыс орталығы Түркістан қаласында “Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өтті. Ұлттық мәдениет пен саф өнерді дәріптеген бұл шарада Келес және Сайрам аудандары сынға түсті. Шығармашылық ұжымдар көрерменге ұлттық болмыс пен өнердің сан қырын ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен Сайрам ауданының өнерпаздары келесі кезеңге жолдама алды. Түрленген Түркістанның төрінде өткен думанды кеш туралы алдағы материалда.

Ақ халаттылар арасындағы спартакиада

«Медицина қызметкерлері күні» қарсаңында Сарыағаш ауданында “Алғыс саған, ақ халатты абзал жан!” атты спартакиада ұйымдастырылды. Спорттық шарада аудан аумағындағы денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері сынға түсті. Тартысты ойындар жайлы толығырақ тілші материалында.