Отбасыдағы озбырлық

Отбасындағы зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың 50 пайызға жуығы әйел адамдарға қатысты жасалады. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта балалар да ауыр әлеуметтік салдары бар проблемамен кезігуде. Міне, сондай отбасылық-тұрмыстық санаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында Сарыағаш аудандық орталық емханасы «Зорлық-зомбылықты тоқтат» акциясын өткізді. Психолог мамандар ұйымдастырған ашық есік күні туралы Айгерім Айтбаева толықтырады.

Кәсіпкерлік одан әрі дамымақ

«Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы жанынан экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңес құрылды. Мақсат – партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға атсалысу, сондай-ақ, өңір экономикасын дамыту. Жаңадан құрылған кеңес мәртебесі мен өкілеттіктері туралы алдағы сюжетте.

Сарыағаштық қызанақтарды жеуге болмайтыны рас па?

Сарыағаштық қызанақтарды жеуге болмайтыны рас па? Қоңыр қатпарлы вирусқа байланысты тауар экспорты қаншалықты бәсеңдеді? Диқандар енді не істемек? Осы сынды сұрақтар жуырда ғана қызанақ өнімінен шыққан вирустан хабардар болған халықты алаңдатары анық. Бірақ алаңдауға негіз жоқ. Зақымдалған өнім жойылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері диқандарды сабырға шақырды. Аудан брендіне айналған жылыжай өнімдерін тексеруге арналған зерттеу-талдау орталығы енді өңірімізде ашылмақ.

2 елді мекенге ауыз су берілмек

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Марат Сейтімбетов аудан тұрғындарын түрлі проблемалары бойынша қабылдады. Азаматтар ауылдық елді мекендерді ауыз су, жер, табиғи газ және электр энергиясымен қамтамасыз ету сынды мәселелерін арқалай келіпті. «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалында өткен қоғамдық қабылдау туралы алдағы сюжетте.

Жауапсыздық салдары

Қазіргі заманда «қазылған орға» адам емес, тасбақа түсіп жатыр. Егін алқаптарының шекарасын шегелеуді қоршаумен емес, жерді қазу арқылы белгілеген шаруалардың бұл пысықтығы дала кезген жануарлар мен жорғалаушылардың өлексесін табумен аяқталып жатыр. Ені 1м, тереңдігі 3м құрайтын орлардан туындаған табиғи 3 проблема туралы еріктілердің көмегі кезінде халықаралық ғылыми экспедиция мамандары дабыл қақты.

Кубок кімдікі?

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы аясында, сондай-ақ, мәдениет қызметкерлері күніне орай ауданымыздың мәдениет майталмандары арасында кіші футболдан жарыс өтті. «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты ұранмен ұйымдастырылған ерлер арасындағы спорттық сынға жалпы саны 5 команда қатысты. «Мамыр ата» спорт кешенінде өткізілген жасыл алаң аламаны туралы Айгерім Айтбаева толығырақ.

18 мамыр – халықаралық мұражай күні

18 мамыр – халықаралық мұражай күні. 1977 жылы Мәскеу қаласында бастау алған айтулы мерекеде еліміздің барлық музейлері ашық есік күнін өткізуді дәстүрге айналдырған. Халқымыздың рухани жаңғыруына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан Сарыағаш аудандық тарихи-өлкетану мұражайының ашылғанына биыл 14 жыл толып отыр. Халықаралық мейрамда ашық есік күнін ұйымдастырған ұжымды ақ жаулықты әжелер мен музей жанашырлары кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Банкет залдары сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді

Қоғамдық тамақтану орындары мен банкет залдары 50 адамнан аспайтын алаңмен түнгі сағат 02.00-ге дейін жұмыс жасай алады. Басты шарт – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін «Ашық» жобасын қолданысқа ендіру. 26 сәуірден бастап еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып жатқан жаңа жүйе, шектеу шаралары шеңберінде тыйым салынған кәсіпкерлік нысандарының жұмысын жандандыруға мүмкіндік бермек. Тұрғындардың мәртебесін анықтайтын жоба жөнінде, сондай-ақ, «Ашық» мобильді қосымшасы туралы Келес аудандық кәсіпкерлер палатасында өткен кездесу барысында сөз болды.