МЫҢ БҰРАЛА БИЛЕГЕН…

«Дихан баба» ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық би – ұлттың айнасы» атты би байқауы өтті. Аймактық би сайысының мақсаты – ұлттық өнерді ұлықтау, жас таланттарды қолдау және қазақ биінің бай мұрасын насихаттау. Төрт ауылдық округтің жас бишілері бақ сынаған байқау туралы әріптесім әспеттесін.
АЛҒЫС – ІЗГІ НИЕТ

1 наурыз елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған «Алғыс айту» күні. Айтулы мейрамға орай қаламыздағы Достық үйінде мерекелік шара өтті. Дөңгелек үстелге аудан активтері мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. “Алғыс – ізгі ниет” атты жиын туралы алдағы сюжетте.
САҢЛАҚ САЗГЕР САРЫНЫ

“Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған”. Қазығұрт ауданының тумасы, Сарыағаш өңірінің қимасы композитор, “ҚР мәдениет саласының үздігі” Әбіләзім Жаншуақовты еске алу жиыны болып өтті. Шарада ерен еңбегі үшін наградталған ел ағасының шығармалары орындалып, сазгер есіміне құрмет көрсетілді.
КОМАНДАЛЫҚ КӨКПАР

Сарыағаш ауданында ұлттық рухты асқақтатқан командалық көкпар сайысы өтті. Дүбірлі додаға ауылдық округтерден жасақталған 8 команда қатысып, өзара тартысты бәсеке көрсетті. Ұлттық спортты ұлықтаған бұл шараны Дербісек ауылы азаматтары ұйымдастырды.
«КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАУ – БИЫЛҒЫ ЖОСПАРДА»

Көктерек ауылдық округінде инженерлік желілерді жетілдіру бағытында жүйелі-шаралар атқарылды. Елді мекенде кәріз желілерінің құрылысын аяқтау, ауыз су жүйесін жетілдіру, 13 көшені табиғи газбен қамту және электр желілерін жаңғырту жоспарланып отыр. Ал Жартытөбеде әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп, елді мекендер ауыз сумен қамтылды. Арман Айдарұлы мен Рысбек Асылбекұлы округ тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстардың жайын жеткізді.
«ЖАҢА ПРОГРЕССИВТІ КОНСТИТУЦИЯ – БІРЛІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ»

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Сарыағаш ауданында маңызды дөңгелек үстел өкізді. Басқосуда Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер мен заңдылықтарды әр саланың үздіктері кеңінен түсіндіріп, аудан зиялыларымен ашық пікір алмасты. “Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары пен бостандықтары” деп басталатын жаңа ата заңымыздағы реформалар мен 15 наурызда өтетін референдум жиынның басты тақырыбы болды.
«СТАЛКИНГ» – ЖАСЫРЫН ҚАУІП

Сарыағаш ауданында «Сталкинг – жасырын қауіп» атты форум өтті. Дихан баба ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға ауыл тұрғындары мен жастар қатысты. Форумның арнайы қонағы “Құрмет” орденінің иегері Оразкүл Асанғазықызы, аудан прокурорының орынбасары және полиция басқармасы басшысының орынбасары жастармен ашық пікір алмасты.
ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ДАҒДЫСЫ

Әлімтауда жаңа мединицалық нысан бой көтермек. Ал Қарақалпақ елді мекенінде балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр. Тіпті, нысанның сметалық құжаттамасы дайын екен. Осы және өзге де жоспарлар, атқарылған жұмыстар Арман Абдуллаевтың Әлімтау және Жылға ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.
Михаил Шайдоров Олимпиададағы алтын жүлдесі үшін шамамен 123,7 миллион теңге алады

Туризм және спорт министрлігінің бұйрығымен Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алған қазақстандық спортшыларға 250 мың доллар төленеді.
ШАҢЫРАҒЫН ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН ШАҚАЛАҚТАР

Үш еселенген бақыт – 38 жастағы Феруза Әбдірова, үшем дүниеге әкелді. Алтын құрсақты ана мен шаңырағына құт боп қонған Сара, Дара және Зере, перинаталық орталықтан үйлеріне оралды. “Бегім-арт” клиникасының учаскелік дәрігерлері сәбилердің жағдайын біліп қайтты.