Ұлттық мейрам ұлықталды

25 қазан – Республика күні мерекесі. Ұлттық мейрам Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде кең көлемде атап өтілді. “Қыран елім – Қазақстаным” атты мерекелік шарада ауданымыздың дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар “Ауданның құрметті азаматы” атағына ие болды.
Жас ақындар сайысты

Қ.Аманжолов жалпы білім беретін мектебінде жас жазба ақындар байқауы өтті. Жарысқа айтулы білім ордасының оқушылары қатысты. Ақындық өнер бойына дарыған жастар сайысы туралы алдағы сюжетте.
6000 жуық заңбұзушылық тіркелді

Алматы облысы Талғар ауданында орын алған қайғылы жағдай жасөспірімдер арасында қылмыстың өршіп тұрғанына көз жеткізді. Шерзаттың оқиғасы барша қазақтың қабырғасын қайыстырып, алдағы уақытта мұндай сұмдықты болдырмауға әрекет жасау керектігін ұғындырды. Осы орайда, Келес ауданында алқалы жиын өтті. Құқық қорғау қызметкерлері оқушылар мен ұстаздардың, жалпы, жастардың басын қосты.
TOUR OF SHYMKENT ВЕЛОШЕРУІ

Сарыағаш ауданында әуесқойлар арасында велошеру өтті. Шараға Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттерінің 200 велошерушілері, оның ішінде кәсіпқой спортшылармен қатар, әуесқой азаматтар да бар. Шымкент қаласынан бастау алған велошеруді аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы қарсы алды.
Әлем чемпионы атанды

Еркебұлан Ахат – самбо күресінен Әлем чемпионы атанды. Небәрі 19 жастағы спортшы 58 келі салмақ дәрежесінде күресіп, қарсыластарын тізе бүктірді. Көк байрағымызды көкте желбіреткен чемпионды облыстық Самбо федерациясының ұжымы мен сарыағаштықтар Түркістан әуежайынан күтіп алды. Айта өтейік, самбо сүресінен Кипрда өткен чемпионатқа қатысқан спортшылардың ішінде жалғыз алтынды Еркебұлан Ахат қанжығасына байлаған. Ал өзге қазақстандық спортшылар күміс пен қоланы місе тұтты.
Ошақтыда каналдар мен қашыртқылар тазаланды

Келес ауданының Ошақты ауылдық округіндегі егістік жерлерге ағын су Саңырау, Теріс, Тартулы, 8-Ұлан, Игілік каналдары арқылы жеткізіледі. Биыл Шенгелді каналының 3,2 шқ, Сарыжылға су қашыртқысының 2,5 шқ, механикалық әдіспен қазылды. Бүгінгі таңда 8-Ұлан каналы 18,0 шқ механикалық әдіспен қазу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.
Дәстүрлі құндылықтар керуені

Келес ауданында “Дәстүрлі құндылықтар керуені” келді. Түркістан облысы бойынша жүріп жатқан көшпелі жиынның мақсаты – мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті идеологияға иммунитет қалыптастыру. Рухани жобаға елімізге танымал теологтар мен облыстық дін мәселелерін зерттеру орталығының мамандары қатысты.
Талаптар қаншалықты сақталған?

Сарыағаш қаласы Самал мөлтекауданындағы қатты күл-қоқыс қалдықтары полигонына күнделікті тонналап қоқыс тасымалданады. Ондағы өрт қауіпсіздік талаптары қаншалықты сақталған? Неліктен Медициналық қалдықтар дәл сол полигонға тасылмалданып жатыр? Бірге білейік.
Нашақорлыққа жол жоқ!

Есірткінің, атап айтқанда синтетикалық есірткінің таралуы – болашақ ұрпақ үшін қауіп төндіретіні баршамызға мәлім. Жастардың санасын улап қана қоймай, өлімге душар қылатын ғасыр дертін мейлінше болдырмау және алдын алу мақсатында елімізде атқарылып жатқан шаралар көп. Бірін білсек, бірін білмей «ештене жасалмайдыға» саламыз кейде. Айтар болсақ, ауданымызда «Нашақорлыққа жол жоқ! Біз жарқын болашақты таңдаймыз» атты форум болып өтті.
Мұғалімдер күні мерекеленді

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде жылдағы үрдіс бойынша 5 қазан – Ұстаздар күні атап өтілді. Мерекелік кеште ауданның ұлағатты ұстаздары қызыл кілеммен жүріп өтіп, алтындай ардақты ұстаздарды қошеметпен қарсы алды. Мерекелік шараға Сарыағаш ауданының әкімі, білім бөлімінің әдіскерлері мен оқу жүйесінің ардагерлері, ұлағатты ұстаздар мен үміт артуға лайық жас педагогтар шақырылған.