САРЫАҒАШ ТӨРІНДЕГІ ӘЗ – НАУРЫЗ

Сарыағаш төрінде әз-Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Ұлыстың ұлы күніне арналған салтанатты шара ұлттық нақышта безендіріліп, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін айшықтады. Мерекелік той-думанда халқымыздың салт-дәстүрлері көрініс тапты. Алаңда киіз үйлер тігіліп, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды.
ӘЗ-НАУРЫЗ

С. Исмайылов атындағы жалпы орта мектебінде ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Мерекелік шара барысында халқымыздың салт-дәстүрлері, ұлттық құндылықтары
дәріптелді. Ұйымдкстырушылар Наурыз мерекесі – бірлік пен татулықтың, жаңару мен жаңғырудың символы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
ӨТКЕНГЕ ЖАҢА ЛЕП БЕРГЕН КҮН

Наурызнама онкүндігі бойынша бүгін ұлттық киім күні. Жылдағы дәстүрге сәйкес, аудан әкімі бастаған мемлекеттік қызметкерлер бұл күнде ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, айтулы үрдісте белсенділік танытты. Қазақы кәжекейлер мен ұлттық болмысымызды әспеттейтін шапандар киіп, ажарлана түскен депутаттар да “ұлттық киім күнін” елеусіз қалдырмады.
БАСТЫ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНҒАН КҮН

Енді 15 наурыз – Конституция күні боп белгіленеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға белсене қатысқан жастармен кездесуінде айтты. Айтып өтейік, Exit-poll нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың 86,7% референдумда жаңа Конституция жобасын қолдаған. Сарыағаштықтар референдум нәтижесі туралы не дейді екен? Бірге білейік.
РЕФЕРЕНДУМ – 2026

Еліміздегі маңызды саяси оқиғалардың бірі – жаңа конституциялық жоба бойынша өткізілген референдум аясында аудан тұрғындары белсенділік танытуда. Аймақ тұрғындарымен бірге аудан әкімі Арман Айдарұлы да өз таңдауын жасап, референдум учаскесіне келіп дауыс берді. Сонымен қатар, № 643 дауыс беру учаскесінде халық қалаулылары мен зиялы қауым өкілдері де өз таңдауларын жасады.
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНІҢ ТАҢДАУЫ

Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасыр жасаған Эрмахон Ишхонов жаңа Конституция жобасы бойынша өткен референдумда өз таңдауын жасады.33 немере, 49 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отырған ардақты ардагердің таңдау жасауына барлық мүмкіндік жасалды.
ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН НӘЗІКЖАНДЫЛАР

Көктемнің шуағымен қатар келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Келес аудандық әкімдігінде арнайы қабылдау өтті. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлі мен еңбегін ерекше атап өтті. Алғыс хаттар тапсырып, әрбір азаматшаның құшағын гүлге толтырды.
ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАРИЯЛАР

Әлем – әйелмен әдемі. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ақжаулықты аналардың үйлеріне барып, аудан халқының атынан мерекемен құттықтады. Ғасыр жасаған әжелерге ақ тілегін арнап, сауғаларын тапсырды. Толығырақ тілші жалғайды.
«ТАРИХ ТАҢБАСЫ»

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде қолөнер бұйымдарының байқауы өтті. Шығармашылық пен ұлттық дәстүрді дәріптейтін ерекше шарада өңіріміздің өнерлі азаматтары өз қолымен жасаған әдемі әрі пайдалы бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Жасампаз шеберлердің көрмесі туралы алдағы сюжетте.
«БАЛДӘУРЕН» – ТАЛАНТТЫЛАР МЕКЕНІ

Дербісек ауылдық мәдениет үйінде “Балдәурен” жас әншілер байқауы өтті. Әсем әуенге толы өнерпаздар сайысы жастарды қолдау, олардың өнерге деген сүйсіпеншілігін арттыру, ауылдың жас өнерпаздарын халыққа таныту мақсатында ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы жеңімпаз болуға лайық шара туралы алдағы сюжетте.