Қаламызда орналасқан №12 кәсіптік колледжде «жұмыссыз» деген статустан арылғысы келетіндер үшін «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі болып өтті. Бұл жолғы шара мемлекетке берешегі бар борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылды. Сол арқылы сот орындаушылары 3 ай бойы немесе одан да ұзақ уақыт баласына алиментін төлемеген және басқа да қаржыларды қазынаға өтемеген азаматтардың қарызын қайтаруды көздейді.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек