Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік жиынға қатысып, ауданның ардагерлері мен қарияларын айтулы мерекемен құттықтады. Жиында елге еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, олардың өнегелі өмір жолы мен қоғам дамуына қосқан үлесі кеңінен айтылды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





