Президент: «Құрылыс және тағы да құрылыс» қағидаты жалпыұлттық ұранға айналады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйлеп, болашақ экономикасы үшін кадр даярлау, шетелдік университеттерді тарту, жасанды интеллектіні дамыту және ауқымды құрылыс жүргізу бағыттарын қамтыды.

2019 жылдан бері экономикамызға 155 млрд доллар шетел инвестициясы тартылып, елдің сыртқы сауда көлемі 150 млрд долларға жуықтады. Жеті жылда 625 орта және ірі өндіріс орны ашылды. Нәтижесінде 3,6 млн адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ елде 118 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтеріп, 36 мың шақырым автокөлік жолы салынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны тарихымызда бұрын-соңды болмаған оқиға деп бағалап, алда Халықтық құрылыс бағдарламасы тұрғанын айтты.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бір мезетте бүкіл аймақты, барлық саланы қамтитын мұндай ауқымды құрылыс бұрын-соңды болған жоқ. Бұл бірегей бағдарлама халықтың әл-ауқатын жақсартуға, кәсіпкерлікті дамытып, экономиканы өркендетуге айрықша серпін бермек».

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар