
Елімізде отандық өндірісті дамыту аясында мыс балқыту зауыттарын салу, автомобиль және теміржол машина жасау салаларында өндірістік кластерлер құру, сондай-ақ құрылыс материалдарының ішкі нарықтағы үлесін 80 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлім етті.
Отандық өнімге сұраныс Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында да артып келеді. Ұлттық жоба аясында құбырлар, кабель-сым өнімдері, бетон, арматура, электротехникалық жабдықтар және басқа да өнім бойынша 144 келісімшарт жасалды. Сонымен қатар ел ішінде шикізатты терең өңдеуге ерекше көңіл бөлініп отыр, – деді ол.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


