
2026 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарындағы 45,5 мыңнан астам тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған бірқатар жобаны аяқтады.
Қазіргі уақытта комитет топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгінде жалпы саны 443,2 мың адам тұратын 131 елді мекеннің ауыз сумен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік беретін 14 жоба жүзеге асырылуда, – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Нұрбек Серіков.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


