Энергетика секторындағы сатып алу көлемі 3,5 трлн теңгеге жетті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

2026 жылдың тоғыз айында энергетика секторындағы жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асырған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алу көлемі 3,553 трлн теңгені құрады. Оның шамамен 1,9 трлн теңгесі немесе 55,4%-ы елішілік құндылық үлесіне тиесілі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Қазақстандық өндірушілерді қолдау мақсатында сатып алу тетіктері жетілдіріліп, мұнай-газ жобаларында елішілік құндылық үлесіне қойылатын талаптар күшейтілуде.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар