
Жұма күні АҚШ Федералдық авиация басқармасының (FAA) жұмысында болған ауқымды ақаудан кейін жексенбі кешке қарай елдегі әуе қатынасы біртіндеп қалыпты режимге орала бастады, деп хабарлайды CBS News басылымы.
FlightAware рейстерді бақылау сервисінің дерегіне сүйенсек, жұма күні 9 159 рейс тоқтатылып, тағы 7 190 рейс кешіккен. Жексенбіде жағдай біртіндеп түзелгенімен, 1 400-ден астам рейс орындалмай, 2 200-ге жуық рейс кестеден кешігіп ұшқан.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


