Жер-жерде мәслихат сайлауына үгіт-насихат жұмыстары жанданды. Десе де Сарыағаш ауданында жүзден астам үміткер болса, бүгінде олардың саны әдәуір азайған. Мамандардың сөзіне сүйенсек, тіркелгеннен кейін құқық қорғау органдары және мемлекеттік кірістер басқармасының ұйғарымдарымен олар үшін сайлау процесі тоқталыпты. Нақтырақ айтқанд,а депутаттыққа үміткердің салықта кілтипаны немесе айыппұлдары болуы мүмкін екен. Осы және өзге де ақпараттарды Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мәлімдеді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Аман Асылбек





